Қаңтардан бастап 8 медициналық құжат электронды форматта беріліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, олардың қатарында еңбекке жарамсыздық парағы, 075 «Медициналық анықтама», 026 «Дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысы», «Техникалық қызметті басқаруға рұқсат беру туралы анықтама», «Санаторий-курорттық карта», «Бала денсаулығы паспорты», «Қаруға рұқсат алу» және «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама» бар.
Бұл шаралар жалған анықтама жасаудың алдын алады әрі үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана беріледі. Сондай-ақ жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі.
Ақниет Балтаева