Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель тұтқындалды
Оңтүстік Кореяның импичмент жарияланған президенті Юн Сок Ёль қамауға алынды. Ол 3 желтоқсанда елде қысқа мерзімді әскери жағдай жариялап, бүлік жасамақ болды деп айыпталып отыр.
Юн полиция өзін қамауға алмауы үшін тау баурайындағы резиденциясынан бірнеше апта бойы шықпай отырған еді. Осы жолы саяси қақтығысқа және қантөгіске жол бермеу үшін тергеушілердің сұрағына жауап беруге келіскенін мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты агенттік президенттен 48 сағат ішінде жауап алуы керек. Осы уақыт ішінде оны тұтқындау немесе босату туралы ордер берілуі тиіс. Тұтқындау туралы шешім қабылданса, Юн сот басталғанға дейін 20 күн қамауда болады.
Оңтүстік Корея тарихында билікте отырған мемлекет басшысына қамауға алу туралы ордер алғаш рет берілді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастарды қолдау бағдарламасы аясында 9 мыңға жуық маман жұмысқа кірді
11.09.2025, 17:27

Семейде өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
11.09.2025, 17:24
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
11.09.2025, 17:21
Алматыда электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады
11.09.2025, 17:18
БҚО-да кітапханашылар ₸46 млн жымқырғаны анықталды
11.09.2025, 17:15
Ақтөбеде мұнай өнімін ұрлағандар ұсталды
11.09.2025, 17:12
Сот төрелігі академиясы түлектерінің 95% судья болып жұмыс істейді
11.09.2025, 17:09
450 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіріледі
11.09.2025, 17:03