Алпыс жылға жуық тарихы бар, қазақ телевизиясының қара шаңырағы – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа маусымда өзгеше форматта хабар тарата бастайды. Еліміздегі ең ірі медиақұрылым бет-бедерінен бастап, мән-мазмұнын да толық өзгертпек. Бұл ретте бірінші кезекте ұлттық құндылықтар мен заманауи үлгіні ұштастыру көзделіп отыр. Жаңа маусымда талғамы биік, талабы зор көрерменнің көңілінен шығар тың жобалар жетерлік.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ