Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды

13.01.2025

Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды. Ташкент облысының тәртіп сақшылары жануарларды жаппай сойып келген жасырын цехты тапқан.

Өзен суына тасталған есектің сүйегі мен өзге де қалдықтары түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді. Куәгерлер 13 өлексені санап шықты. Осыдан соң жедел әрекетке көшкен полицейлер есек союға арналған қасапхананы тапты.

Белгісіз біреулер қараусыз қалған фермада осындай жымысқы әрекетті жүзеге асырып келген. Сондай-ақ жасырын цехтан 25 бас тірі есек табылды. Бұл іс бойынша үш адам күдікке ілініп отыр. Ташкент облыстық ішкі істер басқармасы тергеу- тексеру жұмыстарын бастады. Ал қоғамдық тамақтану орындарында есек етінің бар-жоғын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу