АҚШ-тың Калифорния штатындағы алапат өрт әлі өршіп тұр. Лос-Анджелес округінде бір уақытта тұтанған алты өрт ошағының бірде-бірі сөнген жоқ. Тілсіз жау алты күнде мыңдаған гектар жерді шарпып, 12 мың нысанды күлге айналдырды. Оның ішінде бірқатар әлемге әйгілі әртістер мен атақты адамдардың да шаңырағы ортасына түсті.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, бүгін-ертең жел тұрып, жалын екпіні күшеюі мүмкін. Сондықтан тағы 87 мың адамға қауіпсіз жерге кетуге дайын болу туралы ескерту жасалды. Осы кезге дейін 24 адам қаза тауып, 16 адам хабар ошарсыз кетті. 100 мыңнан аса тұрғын бас сауғалауға мәжбүр болды.
Ал үй тонау қылмысының көбеюіне байланысты жергілікті билік өрт шыққан аудандарда коменданттық сағат енгізіп, бақылауды күшейтті. Штаттың ұлттық ұланы да көмекке қосымша мың әскери жіберген.
Арай Төлегенқызы