Президент Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады. Ал Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздер аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастарды қолдау бағдарламасы аясында 9 мыңға жуық маман жұмысқа кірді
11.09.2025, 17:27

Семейде өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
11.09.2025, 17:24
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
11.09.2025, 17:21
Алматыда электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады
11.09.2025, 17:18
БҚО-да кітапханашылар ₸46 млн жымқырғаны анықталды
11.09.2025, 17:15
Ақтөбеде мұнай өнімін ұрлағандар ұсталды
11.09.2025, 17:12
Сот төрелігі академиясы түлектерінің 95% судья болып жұмыс істейді
11.09.2025, 17:09
450 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіріледі
11.09.2025, 17:03