Талдықорғанда National geographic журналының көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда National geographic журналының көрмесі өтті

23.08.2017

Талдықорғанда 128 жылдық тарихы бар National geographic журналының фотокөрмесі ұйымдастырылды. Жетісулықтар назарына журналдың ең үздік деген 50 туындысы ұсынылды. Суреттер тарихи маңызы бар оқиғалардан сыр шертіп, әлемдегі өзге де мемлекеттер, халықтар, тайпалар мен жеке тұлғалар өмірі туралы шынайы ақпарат береді. Былтыр журналдың қазақ редакциясы өңірлерде көрме ұйымдастырып қана қоймай, сол аймақтың тарихи және табиғи ескерткіштерін суретке түсіріп, алдағы уақытта басып шығаруды көздейді. Бұл бастаманың бәрі Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» мақаласындағы салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып отыр.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу