Енді Түркістанға Астана, Қарағанды және Қостанай қаласынан жиі ұшатын болады. Мұның бәрі ішкі туризмді дамыту және Түркістанға әуе рейстерінің санын ынталандыру мақсатында жүзеге асып отыр.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай-Түркістан бағыты бойынша Qazaq Air рейстері 4 қаңтардан бастап, ал 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша рейстер жиі орындалады. Сондай-ақ, 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе қатынасын бастау жоспарда бар.
Қостанай-Түркістан рейсі бойынша субсидияланатын авиабилеттердің құны бір бағытқа – 20 мың теңге. Астана - Түркістан арасындағы бір бағытқа билеттің бағасы 17 мың теңгеден басталады. Субсидияланатын рейстерге билеттерді сатып алу кезінде 14 жасқа дейінгі балаларға 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі.
Айнұр Әбілқасымқызы