Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш ашылды

18.08.2017

Қарағанды облысында қазақ халқының кемеңгер биі Қазыбек Келдібекұлының 350 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталып кетті. Бүгін тарихи тұлғаға арнап Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында ескерткіш белгі ашылды. Бұған қоса, балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Қос нысан да жергілікті азаматтардың демеушілігімен салынған. Сондай-ақ, Егіндібұлақтағы тарихи-өлкетану мұражайына белгілі суретші Кәріпбек Күйіков арнайы келіп, өзінің «Қаз дауысты Қазыбек би» атты туындысын сыйға тартты. Ал, ертең Егіндібұлақ елді мекенінде Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған торқалы той өтеді. Баба мерейтойына дайындық қызу. Тау бөктеріне 100-ден астам киіз үйлер тігілді. Шара барысында «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: «Бабаларға тағзым!» халықаралық автокеруенін сапарға шығарып салу рәсімі, концерттік шара, ұлттық ойындардан сайыстар өтеді. 

Хабарламаларға жазылу