Қостанай облысында 6 мыңға жуық отбасы мемлекеттік бағдарламамен жалға берілген пәтерлерде тұрып жатыр. Оларға сатып алу құқын беру мәселесі біраздан бері айтылып келеді. Былтыр осыған байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң қабылданды. Қостанайда тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездескен Сенат депутаты Бибігүл Аққожина жаңа құжаттың артықшылықтарын түсіндірді. Оның айтуынша жалға берілген пәтерді, енді қалдық құны бойынша сатып алуға болады. Кездесу барысында Бибігүл Аққожина Парламент қабырғасында қаралып жатқан тағы да басқа заң жобаларына тоқталып өтті.
Бибігүл Аққожина, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Қазіргі таңда құрылыс кодексін қарастырып жүрміз. Салық кодексін қарастырып жүрміз. Сосын су кодексін. Төрт кодекс бүгінгі таңда жұмыста. Сондықтан соған енгізілетін өзгерістер туралы осы елмен бірге қарастырып, негізгі өңірдегі бар сұрақтар, пікірілерін тыңдап, оны өзіміздің негізгі жұмыс тобында талқылайтын боламыз.