Ақтөбе облысындағы 2 елдімекенде байланыс үзілген
Ақтөбе облысында 7 ауылдың тұрғындары Жаңа жылды жарықсыз қарсы алды. Тағы 2 елдімекенде байланыс үзілген. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Мамандар апат салдарын жою үшін күні-түні жұмыс істеп жатыр. Жарықсыз қалған ауылдардың кейбіріне уақытша электр генераторлары жіберілген.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Мұғалжар ауданында электр желілеріне қалыңдығы 5 см болатын мұз қатып, үзіліп қалған еді. Ащысай мен Сабындыкөл және Құмсай мен Ақсу ауылдарының ортасындағы 76 баған құлап қалған. Қатқан мұздың диаметрі кей аумақтарда 20 см-ге дейін жетті. Кезекші бригадалар желілерді мұздан тазартумен айналысуда. Қажетті құрал-жабдықтар әкелінді.
Дархан Ермағамбетов, Мұғалжар ауданының әкімі:
Қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Ақсуға 17 бағана жеткізіліп, толықтай жұмыстарды осы жақын аралықта бітіруге жұмыстанып жатырмыз. Ал Сабындыкөлге біз өзімізден электр генераторын апарып, жарықпен уақытша қамтамасыз етуге жұмыстанып жатырмыз.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Шалғай елдімекендерге 1 қаңтардан бастап 72 бригада, 418 маман мен 153 техника жіберілді. Өйткені желі сымдары бірнеше жерден үзілген. Электр бағандарын ауыстыруға да уақыт қажет. Қазір мамандар Алға, Ақсу, Орқаш, Ащысай және Құмсай ауылдарының аумағында жұмыс істеп жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдау – ел болашағын айқындайтын стратегиялық құжат
10.09.2025, 17:29

ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24
Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06