Ұлттық кино – рухани байлық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кино – рухани байлық

17.08.2017

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген нақты міндеттердің бірі – еліміздің мәдени мұрасын сақтау. Осы мақсатта Қазақстанның ұлттық цифрлық кино-коллекциясын қалыптастыру қолға алынбақ. Бұл туралы Алматыда бас қосқан сарапшылар отырысында айтылды. Киноөндіріс өкілдері, режиссерлер мен продюсерлер қазақ киносының болашағын талқылады. Оны цифрлік жүйеге ауыстыру арқылы дамудың келесі сатысына өткізу қажеттілігі жан-жақты қарастырылды. Мұрағаттарда сақталған құнды туындыларды цифрлық жүйемен оңтайландыру қолданысты жеңілдетпек. Яғни, көрермен қауымның сұранысын арттыруда бұл жүйе маңызды рөл атқарады деген сөз. 

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу