Басты Жаңалықтар Қытайда метапневмовирус белең алды

Қытайда метапневмовирус белең алды

Қытайда метапневмовирус өршіп тұр. Соңғы мәліметтерге сай, ауруханаларда адам лық толы. Әсіресе ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында көп таралған. Вирус белгілері тұмауға ұқсас: науқасты жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі, тамақ ауырады. Жеңіл түрде өткенімен, дер кезінде емделмесе, асқынуы мүмкін. Елде осыған байланысты ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қытай билігі вирустың маусымдық сипаты бар деп мәлімдеді. Қараша-желтоқсан айларында бұл елде микоплазмалық инфекция тіркелген еді. Кейін бұл вирусты жұқтыру оқиғасы Дания, Франция, Нидерланд және Ресейде анықталған.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу