Астанадағы Қарулы күштер мұражайында «Берел құпиясы» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Қарулы күштер мұражайында «Берел құпиясы» атты көрме ашылды

17.08.2017

Астанада біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырға жататын Сақ мәдениетімен етене танысуға жақсы мүмкіндік бар. Қарулы күштер мұражайында «Берел құпиясы» атты көрме ашылды. Ерте Түркі және Сақ дәуірінен сыр шертетін жәдігерлерді тарихшылар «ЕХРО» көрмесі аясында арнайы жеткізген. Келушілер назарына бұғы-грифон ат әбзелінің әшекей бұйымдары ұсынылған. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Берел» қорымында жүзге жуық оба бар. Ендігі кезекте ғалымдар бұл тарихи жерді ашық аспан астындағы мұражайға айналдырмақшы.

 

Елдос САПАРҒАЛИ          

Хабарламаларға жазылу