Басты Жаңалықтар Оңтүстік Кореяда шеру тыйылмай тұр

Оңтүстік Кореяда шеру тыйылмай тұр

Оңтүстік Кореяда толқу басылмай жатыр. Демонстранттардың бір бөлігі импичмент жарияланған президент Юн Сок Елді жақтаса, екінші бөлігі оған қарсы. Сеул көшелеріне шыққан мыңдаған адам сегіз жолақты жолдарды жауып, көлік қозғалысын қиындатты. Тергеушілер болса, президент міндетін атқарушы Чхве Сан Моктан президент Юнді қамауға алу туралы ордерді орындауға көмектесуге үндеді. Алайда қауіпсіздік қызметі мен әскерилер прокурорларға импичмент жарияланған мемлекет басшысын қамауға мүмкіндік берер емес. Еске салайық, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель желтоқсанның басында елде әскери жағдай жариялағаны үшін импичмент жариялаған еді.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу