Басты Жаңалықтар Колумбияда автобус апатынан 13 адам қаза тапты

Колумбияда автобус апатынан 13 адам қаза тапты

Колумбияда автобус апатынан 13 адам қаза тапты. 28 жолаушы жараланған. Көлікте болғандардың барлығы - жергілікті туристер. Елдің оңтүстік-батысында жүйіткіп келе жатқан автобус жолдан тайып кетіп, шыңырауға құлаған. Оқиға ел астанасы Боготадан 570 шақырымда болды. Колумбияның көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 8 мыңдай адам көлік апатының құрбаны болады.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу