Басты Жаңалықтар Бразилияда AZAL ұшағының қара жәшіктері тексеріле бастады

Бразилияда AZAL ұшағының қара жәшіктері тексеріле бастады

Бразилия сарапшылары апатқа ұшыраған AZAL ұшағының қара жәшігіндегі мәліметтерді тексеруге кірісті. Бұл туралы жергілікті «Джи 1» газеті хабарлады. Техникалық мамандар ұшқыштардың дауыс жазбасы және ұшақтың апатқа ұшырағанға дейінгі жағдайы туралы ақпаратқа қол жеткізбек. Тергеу тобының құрамында қазақстандық, әзербайжандық және ресейлік үш тергеуші бар. Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін графикалық виртуалды реконструкция жасай алады. Бразилиялық талдау нәтижесі Қазақстан жүргізіп жатқан тергеудің есебінде жарияланады. Техникалық деректер апатты қону кезіндегі ақауларды, сондай-ақ Бакуден ұшақан AZAL рейсінің бағытының өзгеруін түсіндіруге көмектеседі.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу