«Бүгін бәріміз жүз жылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен ерекше көңіл күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке», - деді Президент құттықтауында.
Сондай-ақ биылғы маңызды оқиғаларға тоқталды.
Айта кетейік, 2025 жыл Президент жарлығымен Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды.