Басты Жаңалықтар Магдебургтегі шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр

Магдебургтегі шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр

Германияның Магдебург қаласында жаңажылдық жәрмеңкеде болған оқыс оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бір топ адамға шабуыл жасалып, 5 адам қаза тапты. 200-ден астам адам жараланған. Қазір оқиға болған жер қоршауға алынған. Ал жәрмеңкеде көлігімен адамдарды қағып кеткен күдікті ұсталды. Ол – 2006 жылы Германияға Сауд Арабиясынан барып, босқын дәрежесін алған Талеб әл-Абдулмохсен есімді дәрігер. «Би-Би-Си» арнасының мәліметіне сай, күдікті ислам дініне қайшы көзқарас ұстанады. Бұған дейін Сауд Арабиясы Германия билігіне әл-Абдулмохсеннің қауіпті ұстанымды қолдайтынына қатысты 4 мәрте ресми хабарлама жіберген екен. Германияның қауіпсіздік қызметі мұны ескерусіз қалдырған. Осыған байланысты тұрғындар ашуға булығып, биліктің, қауіпсіздік органдарының жұмысын сынға алды.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу