Қазақта құт дарыған жер көп. Солардың бірі қазыналы Қостанай. Ондағы ағайын қалтасына емес, қамбасына алтын жинайды. Өйткені, байлығы - бидай, дәулеті - дән. Сәйкесінше, аймақты астықтың астанасына балаймыз. Сол Тобыл-Торғайдағы ағайын елдің Астанасына келді. Ондағы мақсат «ЭКСПО» көрмесіне өз үлестерін қосу. Тамыздың 5-інен бастап Астанада Қостанай облысының күндері өтуде. Оның аясында қостанайлық өнерпаздар түрлі концерттер өткізіп, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, басқа да бағыттағы шаралар өтуде.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ