Батыс Қазақстан облысында 15 мүгедек баланы оқытуға кеткен шығын төленбей келген. Ақжайық ауданының прокурорына ауыл тұрғыны шағымданғаннан кейін талдау барысында бір емес, ондаған заң бұзушылық анықталды. Мемлекет мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін ата-аналарға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлейді. Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары бюджетті дұрыс жоспарламаған. Салдарынан қыркүйек, қазан, қараша айларында 15 мүгедек баланың шығыны төленбеген. Прокуратураның ұсынысымен ата-аналарға 592 мың теңге төленді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Ардақ Мұратқызы