Келушілердің назарына құндылығы жоғары 130 туынды ұсынылды. Еңбектер 1929-1940 жылдары жазылған. Ғалымдар қазақ зияларының 1500-ге жуық кітабы бар деп пайымдап отыр. Олардың қатарында әдеби романдармен қатар, орыс әдебиеттерінің аудармалары да бар. Әдебиетшілер қазақ жастарына латын әліпбиімен жазылған кітаптардан білім алып, ата-бабадан қалған жазу стилін насихаттау керектігін атап өтті.