Көкшетауда 55 автокөлікті заңсыз тіркегендер сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 55 автокөлікті заңсыз тіркегендер сотталды

20.12.2024

Ақмола облысында жалған төлем мен есеп айырысу құжаттарын қолданып, шетелден әкелінген 55 автокөлікті заңсыз тіркеген екі азамат сотталды. Қылмыстық топтың бұл әрекеттері мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірді. Яғни осы көлемде міндетті төлемдер мен салық төленбеген. Сот шешімімен кінәлі деп танылғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың Астана мен Көкшетау қалаларындағы жалпы құны 90 миллион теңгеден асатын бірнеше пәтері мен Көкшетау қаласындағы үйі тәркіленді.

Бибінұр Тоқтыбаева 

Хабарламаларға жазылу