Басты Жаңалықтар Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

Кореядан көлік әкеп берем деп қазақстандықтардың ақшасын қағып алған алаяқ ұсталды. Ол былтыр алты алматылықтан автокөлікті арзанға жеткізем деп 145 млн теңге алған. Артынша ізім-ғайым жоқ болады. Халықаралық іздеуге берілгеннен кейін, Ресейдің Краснодар өлкесінде қолға түсті. Бас прокуратураның сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстродицияланды. Қазір тергеу изоляторында отыр. 

Оңғар Алпысбайұлы

Бөлісу