Енді Алматыдағы жаңа метро бекеттерінде вагон аралық кеңістікті жабу үшін арнайы турникеттер орнатылмақ.
Естеріңізде болса, өткен аптада зағип жолаушы метродағы рельске құлап, мерт болған еді. Қауіпсіздік қаперге алынбаған соң, 26 жастағы тұрғын «Абай» станциясында аңдамай ажал құшты. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жаңадан салынатын бекеттер әлемдік стандартқа сай жасалмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев көшпелі баспасөз жиынында айтты.