Ташкентте Қазақстан азаматтарының ұйымдастыруымен экоакция өтті. Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған іс-шараға елшілік бастамашы болды. Игілікті істен бизнес саласында еңбек етіп жүрген қандастарымыз да шет қалмады.
Өзбек елі астанасында жұмыс істейтін 20-ға жуық қазақстандық компания өкілдері отбасы мүшелерімен бірге елшілік ғимаратының ауласына 100-ге тарта көшет отырғызды. Абаттандыру жұмыстарына қолдау білдірген азаматтар екі ел арасындағы саяси экономикалық қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін ерекше атап өтті. Қос елдің бизнес өкілдері өзара байланысты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, бірлескен жобаларды көбейту жоспары бар.
Ерболат Есжанов, қазақстандық компания басшысы:
Ташкент үлкен қала, ауа тазалығын сақтап, экологияға үлес қосу мақсатында ағаш отырғызып жатырмыз. Өзге де Қазақстан азаматтарымен танысу, әңгімелесу мақсатында келдік. Қазақстан елшілігіне рақмет, бүгін осылай бас қосқанымызға.
Базаркүл Отыншиева