Мәжілісте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы қаралып жатыр

18.12.2024

Дәл қазір Мәжілістің жалпы отырысы басталды. Депутаттар «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы қарап жатыр. 2021 жылы Түркістан қаласы - түркі әлемінің рухани астанасы ретінде жарияланды.

Ал 2022 жылы Президент Түркістанға рухани және тарихи орталық ретінде мәртебе беруді тапсырды. Әріптесім Самал Қабышева Парламенттен тікелей байланысқа шығып, ақпарат беруге дайын.

 Самал Қабышева, тілші:

 «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасының негізгі мақсаты - тарихи мұраны сақтау, қорғау, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін нығайту. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қазақстандағы алғашқы тарихи нысан.


Түркістанды еліміздің рухани-мәдени, тарихи, туристік орталығына айналдыру басты бағыттардың бірі. Ресми ақпараттарға сүйенсек, жыл басынан бері Түркістанға 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған. Ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 685 млн долларға жетіп отыр. Түркістанның туристік әлеуетін одан әрі дамыту, инвестиция тарту үшін Заң аясында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. 2023 жылы Түркістанға 1,5 миллионнан астам адам келді.

 Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу