Сенат халықаралық үш банктен қарыз алу туралы Заң жобасын мақұлдады. Яғни, Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, сондай-ақ Халықаралық Қайта құру және даму банкінен жалпы сомасы 1 млрд 300 млн доллары тартылады. Қарыз жапон иенімен беріледі. Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл – ең тиімді халықаралық валюта. Ал ел экономикасына салынған қаржы бюджетке салмақ салған салаларды оңтайлы шешуге сеп болады,-дейді депутаттар. Әсіресе әлеуметтік, инфрақұрылымдық және көлік бағытындағы жобаларды іске асыруға жұмсалады.
Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Бұл қаржылар біздің бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталанатын болады. Биылғы жылғы заңмен бекітілген бюджет тапшылығы ЖІӨ-мен шаққанда 2,7 пайызды құрайды. Бұл үш қарыз бізге жеңілдетілген шарттармен беріліп отыр.
Айя Мүтәлі