Абай облысының Үржар ауданында аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар баспаналы болды. Былтыр ауданда 130-дан астам үй салынды. Нәтижесінде баспана кезегінде тұрған отбасылардың саны азайды. Тек биылдың өзінде 80 отбасы қоныс тойын тойлады. Осыған дейін тек аудан орталығында ғана құрылыс жүрсе, енді ауыл аймақтарда жаңа үйлер салынуда. Осылайша шекаралық ауданда халықтың тұрақтап қалуына жағдай жасылып жатыр.
Рысгүл Құлахметова, көпбалалы ана:
Үйдің іші кең, төрт бөлмелі. Барлық жағдайы жасалған. Кілтті алдыңгүні алдық. Міне бүгін көшіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Қуанышымызда шек жоқ.
Бейбіт Ахметов, аудантық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер салынуда. Бүгінгі күні 19 үй Үржар ауылында салынуда, яғни аудан орталығында. Қалған тұрғын үйлер елді мекендерде салынуда. Жалпы 12 ауылда тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Келесі жылы осы тұрғын үйлерді санын көбейтеміз деп отырмыз.
Ал Павлодар облысының Май ауданында жаңа медициналық пункт ашылды. Нысанды салуға қаржы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бөлінген. Ақжар – Павлодар өңіріндегі бұрынғы Семей полигонына ең жақын орналасқан елдімекен. Қазір 500-ден аса адам тұрады. Медициналық пункт заманауи жабдықтармен қамтылған. Күндізгі стационарға арналған жатын бөлмелері де бар. Биыл аймақта осындай 30 медициналық пункт салу жоспарланған. Өңірге сырттан 167 дәрігер келді.
Ержан Жақып, Болат Аманбаев