Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды

11.12.2024

Солтүстік Қазақстан облысында екі адамнан шошқа тұмауы анықталды. Өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. 

Эльмира Кәленова, тілші:

Инфекция жұқтырған науқастардың бірі мектеп оқушысы, екіншісі әскери қызметші. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты. Екеуі де тұмауға қарсы екпе алмаған. Аталған инфекция А (H1N1) вирусы арқылы таралады. Тұмаудың бұл түрі үй құстары, шошқа сынды тағы басқа жануарлардан жұғуы мүмкін.

– Аурудың қандай белгілері бар?

Эльмира Кәленова, тілші:

Қазақстанда шошқа тұмауы алғаш рет 2009 жылы тіркелген болатын. Ол ауа арқылы таралады. Мамандардың айтуынша бас, бұлшықет , тамақ ауырып, құрғақ жөтел пайда болып, дене қызыуы күрт көтеріледі. Дәрігерлер шошқа тұмауының алдын алу жолы – екпе салдыру дейді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу