Марат Бейсенғалиевтің әлемдік деңгейдегі туындысы. «Дыбыс энергиясы» деп ат қойылған шарада симфониялық оркестр де, классикалық әуендер де, от шашу да, аспанда ұшқан музыканттар да болды. 1 жылдан астам дайындалған концерт көпшілік көңілінен шықты. Барлық музыканы британдық дирижер Карл Дженкис жазған. Әуенді бастан аяқ қазақстандық әншілер тірі дауыста орындап шықты. 1,5 сағатқа созылған шоу барысында көрермендер қиялына қанат бітіріп, ғаламға саяхат жасайды. «Дыбыс энергиясы» деп аталатын шоу күнделікті 29-шы шілдеге дейін Конгресс орталықта өтеді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
