Президент жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

10.12.2024

Президент жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Мемлекет басшысының ұшағы Әлия Молдағұлова атындағы әуежайға келіп қонды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Хромтаудағы «Болашақ» шахтасына барды. «Дөң тау-кен байыту комбинатына» қарасты өнеркәсіпте жылына 7,5 млн тонна хром рудасы шығарылады. Жобаға 1 трлн теңге қаржы тартылған. Бұл компанияның ең ірі инвестициялық жобаларының бірі. Мұнда 1800 адам еңбек етеді. Ал кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын қондырғы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал жабдықтар қолданылады. Президент бүгін өңірдегі бірқатар өнеркәсіп мекемелерінің жұмысымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу