Астанада «Отырар сазы» және Құрманғазы атындағы оркестрлер «ЭКСПО» алаңында концерт қойды. Қазақтың ұлттық фольклор орындаушыларының «Ұлы дала дауысы» атты мәдени шарасы көрменің меймандарына дәстүрлі музыканы паш етті. Құрманғазы атындағы академиялық оркестр үш күн бойы, яғни, шілденің 21-і, 22-сі және 23-і күндері Астана аспанын музыкамен әуелетпек.
Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің ұжымы көрме аясында ең туындыларды орындап, қазақтың саз әлемін, музыка маржандарын шетелдіктерге барынша танытуда.
Азамат НҰҒЫМАНОВ