Терроризмге қатысы бар 800-ден астам шетелдіктің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризмге қатысы бар 800-ден астам шетелдіктің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

05.12.2024

Ұлттық қауіпсіздік қызметі биыл 4 террористік әрекеттің алдын алған. Президент қабылдауында болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы осылай деді.

Ермек Сағымбаевтың сөзінше, лаңкестік қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 6 қазақстандық Сирия мен Түркиядан елге қайтарылды. Оның екеуі артынша сотталды. Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 800-ден астам шетел азаматының Қазақстанға кіруіне тосқауыл қойылды. Сондай-ақ, 19 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін 46 адам сотталған. Олардың мемлекетке 1 триллион 600 млрд теңге залал келтіруіне жол берілмеді. Сондай-ақ, мемлекеттік шекарада құқық бұзған 55 мың адам ұсталды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 552 миллионнан астам кибершабуылға тойтарыс берілді. Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік орган қызметіне тапсырма берді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу