Ақтауда «Каспий» футбол клубының экс-басшысын қамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Каспий» футбол клубының экс-басшысын қамады

04.12.2024

Ақтауда «Каспий» футбол клубының экс-басшысы 27 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін қамауға алынды.

Аталған қаржы оқу-жаттығу жиындарына бөлінген екен. Құзырлы органдар деректі тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің екі танысымен бірге күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сонымен қатар, одан 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген.

Данияр Төлегенов, Маңғыстау облыстық прокуратураның бірінші басқармасының бастығы:

Қазіргі уақытта тергеу орнымен ақша жымқыру және қорқытып алумен байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүрзілілуде. Соттың санкциясымен футбол клубтың басшысы және оның екі танысы қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Сот сараптамасы тағайындалды іс бойынша.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу