Декларация тапсырмаған 68 мыңнан астам азаматтың есепшоты бұғатталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Осы жылдың 1-ші қаңтарынан 16-шы қыркүйекке дейін 4,8 миллион адам декларация тапсыруға міндетті болған. Бірақ оның 68 мың 300-і немесе 1,4 пайызы декларация тапсыру мерзімін бұзған. Олардың барлығы жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар. Департаменттің мәліметінше, бүгінде ереже бұзғандардың 17 мың 500-і заң алдындағы міндетін орындап, есепшоттарын ашқызған. Тоқтала кететін жайт, декларацияны уақытылы тапсырмаған азаматтарға алдымен ескерту жіберіледі. Одан кейін қосымша 30 жұмыс күнін береді. Осы аралықта азамат декларация тапсырмаса, есепшоттары бұғатталады.
Нұрсұлтан Тілектес