Елімізде әрбір екінші адам телефон алаяқтарының құрығына түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әрбір екінші адам телефон алаяқтарының құрығына түседі

04.12.2024

Мұндай деректі арнайы зерттеу жүргізген «Касперский Зертханасы» ұйымы келтірді. Алаяқтықтың схемасы мен түрі де түрленіп барады. Әсіресе, соңғы уақытта адамдарға «Қазпошта», коммуналдық мекемелер, ұялы байланыс операторларының атынан хабарласушылар көбейген. Олар адамның әбден сеніміне кіріп, SMS код сұрайды. Осылайша, барлық жеке мәліметке қанық болады. Сондай-ақ, биыл өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерінің 30 пайыздан астамына кибер шабуыл жасалған. Зерттеулерге сүйенсек, жыл басынан бері 6 миллионға жуық фишингтік сайттарға тосқауыл қойылған. Оның 861 мыңнан астамы – скам-алаяқтық дейді мамандар.

Валерий Зубанов, «Касперский зертханасының» Орталық Азиядағы атқарушы директоры:

Өнеркәсіптік кәсіпорындар ерекше қорғауды қажет етеді. Технологиялар қарыштап дамыған сайын, әлемдегі кибер шабуылдардың саны артып, жыл сайын күрделеніп барады. Залалды азайту үшін желіні сегменттеп, корпоративтік инфрақұрылымның қауіпсіздігінің қамтамасыз ететін кешенді шешімдерді енгізген жөн.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу