Туризмдегі жасыл технология талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризмдегі жасыл технология талқыланды

03.12.2024

Елдегі туризмді дамыту мәселелері бүгін Сенатта талқыланды. Дәлірек айтқанда, табиғатты қорғау және демалыс орындарына қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жолдары қаралды.

Жиынға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, мемлекеттік органдардың, сараптама және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Туристік аймақтарда баламалы «жасыл» инфрақұрылымды пайдаланатын жобаларды қолдау үшін заңнамалық нормалар әзірлеу барысы да сөз болды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде туризмді дамытуға үнемі баса мән беріп келетіні белгілі. Осы бағытта тиісті органдарға нақты міндеттер жүктелді. Сенат өз тарапынан осы іске өз үлесін қосу үшін нақты шараларды қолға алып жатыр.


Темірлан Нұрсұлтан

Хабарламаларға жазылу