Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикасы қарқынды дамыған ел және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның басшылығымен Әмірліктердің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірген.
Мемлекет басшысы Лаос елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сондай-ақ Лаос Президенті Тхонглун Сисулит пен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Президент бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта дами беретініне сенім білдірді.
Динара Жарқынбек