Бүгін Астанада тарихи мұралар көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада тарихи мұралар көрмесі ашылды

17.07.2017

Тарих тереңіне саяхат. Бүгін Астанада үш бірдей қорық-мұражай  – «Есік», «Таңбалы» және «Ұлытаудың» ортақ көрмесі ашылды. Шарада ортағасырлық жәдігерлер ұсынылған. Атап айтсақ, Сақ мәдениетінің археологиялық олжалары, «Алтын адамға» қатысты тың деректер, дүниедегі ең көне саналатын «Пазырық кілемі» де бар. Сондай-ақ, көрмеге «Таңбалы» кешенінен табылған қыш ыдыстардың түпнұсқалары мен әртүрлі дәуірге жататын жартас суреттерінің көшірмелері әкелінген. Келушілер халқымыздың аса бай тарихи мұрасымен қоса, табиғаты тылсым жерлермен де таныса алады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу