Кешелі-бері көлігінің дөңгелегін ауыстырмаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салына бастады.
Ескертуді елемегендер 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18 500 теңге төлейді. Бір жыл ішінде талапты тағы бұзса, айыппұл 20 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Яғни, 74 мың теңге төлеуге міндеттелмек. Айта өтейік, заңнамаға сәйкес, темір тұлпар тізгіншілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті.
Айя Мүтәлі