Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлерге іссапар шығындары мен бонустары уақытылы төленбеген. Еңбек демалысына ақы төлеу мерзімі де бұзылған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті мемлекеттік органдарға талдау жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде 6,7 млн теңге бонус төленіп, 5 млн теңгеге жуық іссапар шығыны өтелді. Жүзден астам мемлекеттік қызметшіге өсімпұл төленді.
Мұрат Байсалов, БҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, әдеп кеңесінің төрағасы:
Департаменттің ұсыныс негізінде 25 мемлекеттік қызметкерге төленбеген бонустар төленді. Сонымен қатар 77 мемлекеттік қызметкерге қатысты іссапар шығындары уақытылы төленбеуіне байланысты толығымен шығындар өтелді.
Ардақ Мұратқызы