Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілге тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілге тапсырма берді

29.11.2024

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев, Президент кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді. 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы да, баяндалды. Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу