Түркістан облысында 30 елдімекенге жыл соңына дейін таза су берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 30 елдімекенге жыл соңына дейін таза су берілмек

28.11.2024

Түркістан облысының Кентау қаласында қыста жылудан проблема болмауы тиіс. Себебі биыл сегіз қазандықтың төртеуі қайта жөнделді. Мұнан бөлек 6 шақырымнан астам жылу құбыры жаңартылды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Аймақ басшысының сөзінше, өңірде ауылшаруашылығы саласында да өзекті мәселелер инвесторларды тарту арқылы шешіліп жатыр. Сонымен қатар ағын судың 70 пайызын көршілес Өзбекстаннан алып отырған облыста биыл су тапшылығы болмаған. Десе де елдімекендерді ауыз сумен қамту проблемасы әлі де өзекті. 70 ауылда орталықтандырылған су құбыры жоқ. Кейбір елдімекендер тіршілік нәрін тек кестеге сай тұтынуда.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:

Жалпы бізде 100-ге жуық су саласында жобалар жүзеге асырылуда. Ол жерде мынау сағатпен ішетіні бар және де су құбыры тозғандар бар. Олардың барлығын ретке келтіріп, отызын биыл шешетін боламыз, жылдың соңына дейін. Қазір тапсырылу барысында жобалар. Қалған 40 елдімекен бізде 2025- ші жылға өтпелі.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу