Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінің өтуіне байланысты Астанадағы университеттердің оқу форматы өзгерді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 27-28 қараша күндері 4 жоғары оқу орны қашықтан, екеуі ішінара қашықтан оқиды. Тағы 2 университеттің студенттері каникулға кетеді. Ал 5 жоғары оқу орны дәстүрлі форматта оқи береді. Еске салайық, саммитке байланысты сол күндері елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.
Динара Жарқынбек