Шымкентте арнайы экономикалық аймағында құны 8,2 миллиард теңге болатын 5 өндіріс орны іске қосылды. Бұған дейін тек тоқыма өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар қатары қағаз және майлық шығару, генератор құрастыру, минералды тыңайтқыштар өндіру жобаларымен толықты. Экологиялық өнеркәсіпті дамытуды мақсат тұтқан генератор құрастыру зауыты жылына 350 дана қондырғы жасайды.
Ал органо-минералды тыңайтқыштар кәсіпорыны бір жылда 5 мың тоннаға дейін өнім шығарады. Жалпы мегаполисте өнәркәсіпті дамыту үшін 7 арнайы өндірістік алаң жасақталған. Инвесторларға қолайлы жағдай жасаудың арқасында бұл аймақтың 90 пайызында өндіріс орындары құрылды. Ал соңғы бес жылдың ішінде шаһар экономикасына салынған инвестиция 3,5 есеге артқан.
Ермек Тұрманов, Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Әкімдік тарапынан 1600 гектар аумақта қосымша 5 өндірістік алаңды іске қосу жұмыстары жүруде. Бұл қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 3 өндірістік аймақты кеңейту. Одан бөлек ауыр металлургияға байланысты темір индустриалды аймағы іске қосалады және орта кәсіпкерлер үшін дайын алаңдар құрылады.
Ғани Қалмаханов