Қазақстан мен Ресей арасында білім және ғылым саласында да ынтымақтастық терең. Бүгінгі күні 60 мыңнан астам отандасымыз іргелес елде жоғары білім алып жатыр. Сонымен қатар Қазақстан университеттерінде 1,5 мыңға жуық Ресей студенті оқиды. Қазақстанда Ресейдің жоғары оқу орындарының 6 филиалы ашылған.
Олар Астана, Алматы, Қостанай, Атырау, Байқоңыр қалаларында. 2025 жылы елордада Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының филиалын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар Ресейде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын ашу көзделіп отыр.
Тимирхан Алишев, жоғары оқу орнының проректоры:
Қазақстанның жоғары оқу орындарымен көптеген келісімдерге отырып, ортақ жобаларды жүзеге асырудамыз. Әсіресе, қос диплом бағдарламасын атап өту керек. Біз Қазақстанның студенттерін қуана қабылдаймыз, өйткені жастарыңыз өте талантты. Енді Шымкент қаласында Қазан федералды университетінің филиалын ашу жоспарда бар.
Индира Бегайдар