Маймыл шешегіне қарсы екінші вакцина мақұлданды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Екпені 1 жастан асқан балаларға да қолдануға болады. Жапониялық компания жасаған вакцина «LC16m8» деп аталады.
Өндіруші ел маймыл шешегі өршіп тұрған Конго Демократиялық Республикасына тегін көмек ретінде вакцинаның 3 миллион дозасын жеткізбек. Айта кетейік, қыркүйекте MPOX инфекциясын жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 2 763 жаңа жағдай тіркелген.
Динара Жарқынбек