Атырауда қасапханадағы жұмысшыдан сібір жарасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қасапханадағы жұмысшыдан сібір жарасы анықталды

25.11.2024

Атырауда қасапхана жұмысшысынан сібір жарасы анықталды. Қазір науқас ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты. Өзге адамдардан ауру белгілері байқалмаған. Мал сататын базарда өлген сиырдан сібір жарасы анықталғаннан кейін карантин енгізілді. Қазір дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар ірі қара мал әкелуді бақылау үшін полиция және ветеринарлық бақылау бекеттері орнатылды. Ветеринариялық құжаттарсыз малды тасымалдауға және союға қатаң тыйым салынған.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу