Бейсенбіден жұмаға қарағанда Президенттің баспасөз хатшысы Б.Уәли жазба жариялады, сөзбе-сөз келтірсек:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын- деген баяндап тұрған жазбада.
Ал жұма таңертең Премьер-Министр шұғыл кеңес өткізді. Стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа мәселелер талқыланды деп хабарланды.
Соңғы аптада АҚШ пен Батыс мемлекеттері Украинаға Ресей аумағын дендей атқылауға пұрсат беретін зымырандар қолдануға рұқсат берген. ATACMS және Storm Shadow зымырандары Ресейдің Курск және Брянск облыстарына соққы жасауға пайдаланылған.
Ресей артынша Днепрді бірінші рет баллистикалық зымырандармен атқылады. Орта қашықтыққа ұшатын гипер дыбыстық жаңа «Орешник» зымыранымен. Ядролық оқтұмсықсыз. «Жағдайдың ушығуы» деген сол.
Соғыстың басталғанына 1000 күннен асты...